Бес ғасыр бойы абыздар аңсаған азаттық пен Астана - біздің бағымызға бұйырды. Биыл 20-шы жыл. Сарыарқаның төсіндегі жасампаз қаланың күнін біздің халық жыл сайын сән-салтанатымен атап өтеді. Астана тойына орай зәулім де еңселі ғимараттар бой түзейді, шаһар жаңа нысандармен толығады.
Шын мәнінде ерекше сәулетпен салынған зәулім ғимараттар, қайталанбас архитекторлық шешімдер - Астананы өзге астаналардан оқ бойы озық көрсетіп тұр. Бұрындары қалаға қыдырып келген қонақты айналып-айналып «Бәйтерекке» ғана апаратынбыз. Қазір серуендеп, сейіл құратын алуан түрлі демалыс орындары көбейді. Күндіз Астана қандай көркем болса, түнгі қала тіпті ажарлы. Ал, қазір жалпыхалықтың мерекенің қалай өткеніне тоқталайық.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.