Еліміздегі туристік нысандарды дамытуға мемлекеттен арнайы субсидия бөлінбекші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі туристік нысандарды дамытуға мемлекеттен арнайы субсидия бөлінбекші

15.07.2018

Қазір шіліңгір шілденің бел ортасы. Демек, демалыстағы ағайын тынығатын мекен іздейді. Бұл уақыт ішкі, сыртқы туризмнің нағыз «сыналар» шағы. Жалпы, тілін тапқанға туризм – таусылмас табыс көзі. Оны бизнесте жүрген біраз жұрт түсініп те қалды. Табиғаттың берген сыйын тиімді пайдаланып жүргендер осы тәмсілдің бекерге айтылмағанына әлдеқашан көз жеткізген. Енді сол еліміздегі туристік нысандарды дамытуға мемлекеттен арнайы субсидия бөлінбекші. Сәрсенбіде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев зор маңызға ие туристік аймақтардың озық ондығындағы үздік үштігіне енетін Бурабайға барып, демалыс аймағын аралап шықты. Аймақтағы оқу-жаттығу дайындықтарын және түрлі жарыстарды өткізуге арналған спорттық нысандармен де танысты. Сосын саланы дамыту мәселелері сөз болған жиынға қатысты.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу