Елімізде жуан жұдырық тәрбиешілер неге көбейді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жуан жұдырық тәрбиешілер неге көбейді?

02.09.2018

Қазақ халқы үшін бала тәрбиесі ертеден-ақ маңызды міндет саналған. Аналар ұл-қызы есейіп, бойжеткенше бала тәрбиесімен айналысқан. Бірақ, ол уақыт өткеннің еншісінде. Бүгінгі заман басқа. Соған сай әдет-ғұрып, салт-санамыз да сәл өзгерді. Қазіргідей қым-қуыт уақытта аналардың ұзақ жылдар бойы бала тәрбиесімен үйде отыруға мүмкіндігі жоқ. Сәби 2-3 жасқа толысымен балабақшаға беріп, ұрпағының тәрбиесін сол жердегі тәлімгерлерге сеніп тапсырады. Жалпы, жауапты мамандар өзгенің баласына қаншалықты мұқият қарайды?

Соңғы бірнеше жылда балабақшадан басталатын былықтардың беті жиі ашылатын болды. Балаларды ұрып-соғатындардың көбейгендігіне Теміртау, Астана мен Павлодардан тараған сұмдық бейнежазбалар дәлел.  

Мұндай оқиғалар қай кезде де, қай заманда болды. Бірақ, әлімжеттік түсірілген бейнелер бүгінде әлеуметтік желілерде смартфондардың көмегімен оңай таралып жүр. Жуан жұдырық тәрбиешілер неге көбейді? Баланы тоқпақтап, береке табамын дегендердің әрекетін қалай түсіндіреміз, олармен қалай күресуге болады?

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу