Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі мен қала әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі мен қала әкімін қабылдады

16.09.2018

Мемлекет басшысы Ақордаға Түркістан облысының әкімі мен қала әкімін шақыртты. Облыс орталығын Шымкенттен Түркістанға көшіруге қатысты тапсырмалар қалай орындалып жатыр, соны сұрады. Жаңа шаһарды дамыту жөнінде кеңесте Елбасының алдында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Түркістан қаласының аумақтық даму тұжырымдамасы туралы баяндама жасады. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев болса, әкімшілік-аумақтық басқару органдарын жаңа облыс орталығына көшіру барысы жөнінде әңгімеледі. Президентке оның ішінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар салу жоспары, сондай-ақ, қаланы энергиямен және сумен қамтамасыз етуге қатысты ұсынылған шешімдер жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Кеңес соңында Үкіметке және облыс басшылығына бірқатар тапсырма жүктелді.

Хабарламаларға жазылу