Мемлекет басшысы Түркістан облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Түркістан облысына барды

30.09.2018

Республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Бұл – Түркістан облысының анықтамасы. Аумағы – 117,3 мың шаршы-шақырым. 2 миллион тұрғыны бар. Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, ал, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Құрамында 11 аудан, 4 қалалық әкімдік, бұрынғы облыс орталығы Шымкенттен өзге 7 қала, 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар. Мемлекет басшысы Шымкенттен ары Түркістанға барды. Киелі қаланың бас жоспарын бекітті. «Түркістан» арнайы экономикалық аймағын құру туралы жарлыққа қол қойды. Түлегелі тұрған Түркістан жұрты үшін жайдары жаңалық көп. Алдағы 1-2 жылда өңірде үлкен өзгерістер болғалы тұр. Сол өзгерістердің кепілі іспетті 80-нен астам жобаға республикалық бюджеттен 400 млрд. теңге қаржы бөлінеді. Ауқымды құрылысқа инвесторлар да атсалысады.

 

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу