Индонезияда цунамиден қаза тапқандар саны 832 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда цунамиден қаза тапқандар саны 832 адамға жетті

30.09.2018

Бүгін Сулавеси аралын астан-кестең еткен жер сілкінісі мен цунамиден қайтыс болғандардың саны 832 адамға жетті. 540 тұрғын жарақат алған. Жер сілкінісінің қуаты 7,4 балға, цунамидің биіктігі 2 метрге жеткен. Табиғатың дүлей апатынан зардап шеккендерді көшіру әлі де жалғасып жатыр. ҚР Сыртқы істер министрлігі «Алдын ала мәлімет бойынша, табиғат апатынан жапа шеккендер мен қайтыс болғандар арасында қазақстандықтар жоқ» деп мәлімдеді.

Осы апатқа байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Президенті Джоко Видодаға көңіл айту жедехатын жолдады. «Достас Индонезия халқының орны толмас қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және апат құрбандарының отбасылары мен туыстарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу