Елбасы еліміздің еңбеккерлерін егін орағының табысты аяқталуымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы еліміздің еңбеккерлерін егін орағының табысты аяқталуымен құттықтады

28.10.2018

Бұдан былай аграрлық сектор үш негізде дамиды. Бірінші – жүйелендіру шарасы қабылданбақ, кейін өңір ерекшелігіне қарай салалық жобалар жасақталады. Сосын барып ұзақмерзімді инвестициялық бағдарламалар әзірленеді. Міне, дәл осы бағытта жұмыс істеуге 20 күн бұрынғы Елбасы Жолдауы ықпал етті. Яғни, Жолдауда алдағы 5 жылда еңбек өнімділігі мен қайта өңделген өнім экспортын арттыру және озық агротехнологияларды тарту жөнінде мәселе қойылған еді. Бүгінде ауыл шаруашылығы саласына құйылған инвестиция 14 %-ға артқан. Ал, 2023 жылға дейін сүт өндірісін 1 млн. тоннаға жеткізіп, құс етін өндіруді 5 есе ұлғайту көзделген. Жыл соңына дейін 15 мың тонна ет экспортталады. Биыл елімізде 22 млн. тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналған. Елбасы осы апта еліміздің барлық еңбеккерлерін егін орағының табысты аяқталуымен құттықтады. Бұл ішкі сұранысты толық қамтып қана қоймай, шетел нарықтарына үлкен көлемде астық өнімін экспорттауға мүмкіндік береді. Назарбаевтың құттықтауын Astana Agroforum-2018 республикалық кеңес қатысушыларына Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жеткізді. 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу