Елімізде науқастарға роботтың көмегімен ота жасалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде науқастарға роботтың көмегімен ота жасалып жатыр

18.11.2018

Әлемдік сарапшылар алдағы 20 жылда адам істейтін жұмыстың тең жарымын роботтар атқаруы мүмкін деген тұжырымда. Қиялдан туған қауесет дегенімізбен қисыны бар. Өйткені, тұрмыстық мақсаттан тыс, құлтемір адам емдейтін құдіретті күшке ие бола бастады. Мен басқаның емес, біздің елдің жаңалығын айтып отырмын. Қазақ медицинасы жақында тағы бір ғаламат ғажапқа қол жеткізді. Роботтың көмегімен науқастарға операция жасалынып жатыр. Бұрынғыдай бір операцияға бір топ маман емес, 2 адам ғана қатысады. Қалғанын құлтемір атқарады. Астанадағы Президент іс басқармасының медициналық орталығында осындай ноу-хау пайда болды. ІТ технологияның арқасында хирургтардың жұмысы жеңілдеп, ауыр операциядан соң науқастар тез оңала бастағанға ұқсайды. Елбасы сәрсенбіде еліміздегі роботталған хирургияның халықаралық референс және оқу орталығына барып, медицинадағы соңғы жетістіктермен танысты.

 

Әсима Нұрбайқызы

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу