Қазақстанда аты мен атағы алты қырдан асқан, төрт тарапқа танымал, экономиканың брендіне, бет-бейнесіне айналған берекелі компаниялар әзірге үркердей аз. Сол қатарластарының арасынан қара үзіп, суырылып алға шыққан компанияның бірі - әлемдік уран өндірісінің 20 пайызын қолында ұстап тұрған «Қазатомөнеркәсіп». Бұл ұлттық компанияның уран өндірісі бойынша жаһандағы «ең үздік» деген атақты арқалағаны тағы бар. Осы аптада Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасындағы алғашқы сауда-саттықты бастау рәсіміне қатысты. Ел тарихында тұңғыш рет осы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының акциялары халықаралық нарыққа жаппай сатылымға шығарылды. Жыл басында ғана ашылып, елорда күні қарсаңында ресми жұмысын бастаған «Астана» халықаралық қаржы орталығының бұл алғашқы қадамы деуге болады. Келер жылы тағы бірнеше отандық компанияның құнды қағаздары әлемдік нарыққа шығарылмақ.
Айдос ӘШІМҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.