Мәулен Әшімбаев Елбасының үш қасиеті туралы айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев Елбасының үш қасиеті туралы айтты

02.12.2018

Жалпы, Қазақ Президенті аймақтық қана емес, әлемдік деңгейде де көптеген бастамаға мұрындық болып келеді. Бірақтар халықаралық ұйымдар тікелей сол кісінің бастамасымен құрылды. Осы апта «NurOtanTalks» еркін пікір алаңы кезекті іс-шарасын «Қазақстанды өзгерткен бастамалар» тақырыбына арнады. Онда белгілі бір деңгейде жетістікке жеткен, өмірі өнеге жандар Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді дамудың жаңа деңгейіне алып шыққан бастамалары мен тарихи шешімдері туралы әңгіме өрбітті. Олар Мемлекет басшысымен кездескен ұмытылмас сәттерін еске алып, ол оқиғалардың өмірлеріне қалай әсер еткені туралы тебірене баяндады. Мәселен, партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасының үш қасиеті туралы айтып берсе, алтын қолды дәрігер Юрий Пя Астанада жұмыс істеп жүруі тікелей Елбасының арқасы екенін жеткізді. Қазақстанды батыспен бауырластырып, Шығыспен тамырластырған Нұрсұлтан Назарбаевтың тау тұлғасы жан-жақты айтылды. Сөз алушылар бүгінгі татулықтың, қабырғалы халық, іргелі ұлт болуымыздың негізінде Президенттің орасан еңбегі жатқаны, ағыны қатты аз жылда ғасырларға жүк болар шаруалар жасалғанына кеңінен тоқталды.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу