Үнемі өсіп, тізгінге көнбейтін саланың бірі - коммуналдық қызметтер бағасы. Бұл өзі халықты қажытып тұрған басты проблемалардың бірі әрі бірегейі. Биылғы Жолдау жарияланбай тұрып, Президент пәрменімен қазақстандықтарды алаңдатқан күрделі мәселелерді анықтау мақсатымен сауалнама жүргізілген болатын. Қорытындысы - бұқараның бас ауруына айналған осы түйткілді айнытпай көрсеткен. Сөйтіп шектен асқан тариф мәселесі Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан бір-ақ шықты. Жалпы, ұлттық мәселеге айналып, бетімен кетіп бара жатқан бұл түйткілге де тоқтау болатын күн алыс емес сияқты. Жоғарыда тілге тиек еткен отырыста тіпті Мемлекет басшысы тарифтерді себепсіз көтеру - қылмыс дегенді шегелеп тұрып айтқан болатын. Жауапсыздық пен салақтық. Президент монополистерді бет-бетімен жіберген министрлерді де дәл осылай сөкті. Нұрсұлтан Назарбаев тарифке жауаптыларды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реттеуді нығырлап тапсырғанын да білесіздер. Тарифтерді төмендетуді және жұмысына салғырт қарап, бағаның негізсіз өсуіне жол бергендерді қатаң жазалауды талап етті. Президенттің атқамінерлер тарапына айтқан ащы сынынан бері де бір айдай уақыт өтті. Не өзгерді?
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.