Елбасы жемқорлықпен күресті күшейтуге пәрмен берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы жемқорлықпен күресті күшейтуге пәрмен берді

30.12.2018

Жылыстап бара жатқан жылдағы Мемлекет басшысының барлық жұмысын бір ғана репортажға түгел тізу мүмкін емес. Десе де, қазіргі халықаралық қауымдастықта қалыптасқан қарама-қайшылықтарға қарамастан, Президент елдің саяси һәм әлеуметтік-экономикалық саласын нығайту үшін бір сәт те дамыл тапқан жоқ. Шығар күндей шындық бар. Ол - мемлекеттің ішкі саясаты мығым болмаса, сыртқы саясаты оңбайды. Бірлік болмаса, тұтастығың мен тұрақтылығың кем болады, іштен іріген ел сыртқа жем болады. Сондықтан, өзгелер алдымен мемлекеттің ішкі жағдайы мен бағытын бағамдайды. Экономикалық мүмкіндігі мен саяси тұрақтылығын зерттейді. Жеті өлшеп барып, бір кесіп байланыс орнатады. Биыл азат қазақтың тәуелсіздігіне - 27 жыл. Осы жылдардың қай-қайсы да үлкен тәуекелдерге толы болғаны жасырын емес. Еркіндік алып, етек-жеңді жиғалы Президент Назарбаев сан түрлі мемлекеттік бағдарлама қабылдап, сан мәрте Жолдау жасады. Оның барлығы ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу