«Халал» дегеннің бәрі адал емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Халал» дегеннің бәрі адал емес

20.01.2019

Ескере бермейміз, түбіне жетіп, тексере бермейміз. Аты «халал», заты харам шұжықтардан абайлаңыз, көрермен! Елімізде сынамадан өткізілген «халал» деген таңбасы бар шұжықтың 143 түрінен шошқаның ДНК-сы табылған. Мұндай жағымсыз жаңалықты сейсенбі күні Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың өз аузынан естідік.

Енді қараңыз. Тек, шұжықтар емес, сүт өнімдерінің 99 маркасының құрамы да қорапта көрсетілген ақпараттан мүлдем алшақ болып шықты. Оның дені – импорттық тауарлар. Яғни, 66 пайыз. Демек, шетелдік тауарлар қазақ нарығына емін-еркін, бей-берекет, тексеріссіз кіріп жатыр деген сөз. Ол кәдімгі сіз бен біздің күнделікті тұтынатын, дастарханымызда тұратын азық-түлік өнімдері.

«Ажал астан келді» деген осы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары дұрыс тамақтанбаудың кесірінен қайтыс болғандардың тізімін түзді. Қорытынды қорқынышты. Қазақстан осы рейтингтің алғашқы ондығына енген. 51 мемлекеттің ішінде тоғызыншы орында тұр. Неге? Біз қазір не жеп, не ішіп жүрміз? Астан келер ауру қандай? Сапасыз әрі «қауіпті» азық-түліктен сақтанудың жолы бар ма?

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу