Астанаға әр беретін тағы бір халықаралық жоба бой түзейді. Мемлекет басшысы бас қалада Дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратын салу жобасын мақұлдады. Ауқымды нысан толықтай шетел инвестициясына салынады. Жоба Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесі Рольф Драак пен «Nest Investments HOLDINGS» компаниясының корпоративтік инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехармен кездесу кезінде таныстырылды. Елордада Дүниежүзілік сауда орталығының жаңа ғимаратын салу бастамасы былтыр Брюссельде өткен Қазақстан-Еуропа бизнес форумында көтерілген еді. Енді міне, нақты іске асатын болды. Кездесу барысында Елбасы халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде салынған дүниедегі бірегей нысан — «Нұр Әлем» сферасының ерекшелігіне де тоқталды. Сондай-ақ, Президент көрме қалашығы маңынан бой көтеретін ғимаратты салуға қатысты бірлескен жұмыстарды бастау үшін Астана әкіміне нақты тапсырма берді.
Ержан ҚАЛЫМБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.