Ерге жаққан әйел елге де жағады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерге жаққан әйел елге де жағады

10.03.2019

«Қазіргі қазақ қызы осы заманғы қым-қиғаш өмірдің барлық саласына еркін араласып, тұрмыста ғана емес, әлеуметтік орта, қоғамдық құрлым өрісіндеде елеулі орын алмақ ыңғайын танытып отыр. Жаңа тұрпатты, әрқилы тұрпаттағы үлкенді-кішілі кезкелген мекемеге барыңыз – компьютерде отырған қазақ қызын көресіз. Бір кездегі орыс тілі сияқты, тұрмыс-тіршілік үшін аса қажетті құралға айналған шет тілдерін де қыздарымыз алдымен игерді. Қолғанат, қызметкер ғана емес, өздері бастап кіріскен іскер қыздарымыз бар». Мұхтар Мағауиннің бірнеше жыл бұрын жазған қазақ қызы туралы толғауы  жылдар өтсе де, өзектілігін жоғалтпады. Билік басында жүрген қыз-келіншектеріміз көп емес. Мүмкін оған қазақ әйелінің тәрбиесі, тәлімі жібермейтін шығар. Қазақ өз қызын үйдің ұйтқысысың, еркектің алдына түспе деп тәрбиелеген.  Мүмкін қажет те шығар. Бірақ бір дерек келтіріп өтейін, дамыған елдер санатына жататын Норвегия Парламентінің 40 пайызын, Үкіметінің тең жартысын әйелдер құрап отыр. Швецияда да сондай, Парламент депутаттарының үлес салмағы 45 те 55, яғни 45 пайызы қыз-келіншек. Қазақтың әр мақалға қарсы бір мәтел шығарып қоятын әдеті  бар ғой, «байтал бастаған көш» деп кекетіп өтеміз. Негізі билікте әйел көп болса, елде әлеуметтік мәселе туындамайды. Өйткені, әйелдің аты әйел. Олар еркек бұзып-жарып өткен қамалды тігісін жатқызып қалпына келтіруші. Тіпті соғыс жылдарында да соғыстан кейінгі қалаларды қалпына келтіруге әйелдер жіберілетін еді ғой. Біздің билікте де бір төбе әйел қауымы бар.

Айнұр ОМАР

Хабарламаларға жазылу