Ерін баққан әйел елін де бағады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерін баққан әйел елін де бағады

10.03.2019

Жаман әйел – жігіттің

Тайдырады табанын,

Тар қылады заманын,

Жақсы әйел – жігіттің

Жақсы қылар жаманын,

Ұшқыр қылар шабанын... Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін әйелдің құдіретін Майлықожа ақын осылай жырға қосады. Алып-қосарымыз жоқ. Расында да қазақ халқының түсінігінде әйел тек әдеміліктің үлгісі емес, ошақтың ұйытқысы, тәрбиенің қазығы. Сондықтан, «жар таңдаудан қателестім» дегенше, «өмір сүруден қателестім» дей берген абзал. Ерінің бабын тапқан әйел әлбетте, елінің де жағдайын келістіреді. Қилы кезеңде еркегіне ес, баласына бас болып, қиындықты мойынымен көтереді. Біздің арамызда да өмірін ер-азаматының жолына арнап, өзіне тиесілі талай дүниеден бас тартқан асыл жандар көп. Алайда, олардың орны есікте болса да, дәрежесі төрде қашанда.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу