Наурыз мерекесінің форматын түбегейлі өзгерту қажет – Министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз мерекесінің форматын түбегейлі өзгерту қажет – Министр

17.03.2019

Батыс аймақта көрісу басталғаннан әз-Наурыздың дүбірі күшейіп, думаны қызады. «Наурыз мерекесінің форматын түбегейлі өзгерту қажет», дейді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Бұл ұсынысы қоғамда қолдау тапқандай болды.

Министр «ел арасында Наурыз мерекесі бұқаралық сипаттан ажырап, сахналық кейіпке еніп, аздаған жұртшылықтың қызықтауына ғана айналған фольклорлық қойылым көрінісінен аспай жатыр», дейді.

Шын мәнінде, дәстүрімізді дәріптеп, асыл мұраларымыздың бедерін айшықтауда орны ерекше бұл мерекені қазақ халқы «жақсылықтың бастауы» деп ұғады. Қазір Наурыз дегенде тігілген киіз үйлерге келіп, қонақ болып кететіндер мен сырттан бақылайтындар деп екіге бөліп қарауға болады. Ал, мерекеде бақылаушылар болмайды, бәрі де қатысушы болуы тиіс. Осыған назар аударғанымыз жөн. Сондықтан, Наурызға қажет ізденістер мен тарихи әрі осы заманғы шаралар турасында айтар болсақ, мұның бірнеше жолы бар.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу