Мемлекеттік марапаттарға министрлер мен әкім-депутаттар емес, қарапайым жұмысшылар, ұстаздар мен дәрігерлер лайық. Осы апта Алматы облысына сапары кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында шенеуніктер шенін пайдаланып, омырауларын орденге толтыратынын сынға алды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауызсумен қамту бағдарламасына бөлінген қаражаттың кімдердің қалтасына кеткенін анықтауды тапсырды.
Жалпы, бұл жұмыс сапарында Президент осы өңірде ғана емес, қоғамда қордаланып қалған қоға-түйек бірқатар мәселені қозғады. Оның ішінде жол-құрылыс, ескі мектептер, әлеуметтік жәрдемақы мен басты мәселе – баспана да бар. Ал, ару қала - Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев Бірлік мерекесін көппен бірге атап өтті. Мемлекет басшысының Жетісу жеріне сапары жайлы Альбина Әшім әңгімелейді.