Елімізде қой шаруашылығы құлдырап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қой шаруашылығы құлдырап барады

05.05.2019

Ата кәсіп ақсамау үшін мемлекет ұзақ жылдар бойы түрлі бағдарламалар қабылдап келеді. Мал шаруашылығын дамытуға арналған қолдаулардың арқасында біраз шаруаның мұрты майланған еді, тұтынушының да көңілі жайланған еді. Өкінішке қарай, енді міне, қой шаруашылығына қомақты үлес қосып отырған батысқазақстандық шаруалардан «субсидия көлемі қысқарды» деген суыт хабар жетті.

Жалпы, төрт түлігі жұнттай семіз, шөбі шүйгін, құйқалы қоныс - бұл облыс қой етінің экспорты бойынша көш басында. Қазір шаруаларда етті-майлы еділбай және етті-жүнді ақжайық тұқымды бір миллионға жуық қой бар. «Алтын асық» бағдарламасы қысқарып, демеу қаржы азайғалы фермерлер ақадал малының ақшасын да ала алмай жүр. Бір қызығы, қой етінің экспорттық бағасы басқа малдікіне қарағанда қымбат. Мәселен, марқа еті шетелге 10-12 долларға сатылады.

Соған қарамастан, экономика үшін табысты саланың тағдырына қауіп төніп тұр. Сиырға берілетін субсидия екі есе көп болғандықтан, қой шаруашылығынан бас тартып жатқандар бар. Парламентке дейін жеткен бұл мәселеден сенаторлар Премьер-Министрді құлаққағыс етті. Ардақ Мұратқызы баяндайды.

Хабарламаларға жазылу