Қазақстандықтар қазір аты-жөнін 18 түрлі нұсқада жазып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар қазір аты-жөнін 18 түрлі нұсқада жазып жүр

19.05.2019

Азат сана алдымен, адамның атын дұрыс жазудан басталса керек. Біздегі тіл мамандары осыған алаңдаулы. Бүгінде қазақстандықтар аты-жөнін жазудың 18 түрлі үлгісін қолданып жүр екен. Пәленшенің келіні, немересі, шөбересі деген құлаққа оғаш естілетін, ақылға сыйымсыз нұсқалардан бөлек, әлі күнге дейін ов, ев, ович, евич жұрнағымен жүргендер қаншама.

«Ұлттық дәстүрге байланысты тегін өзгерту туралы» жарлық сонау 1996 жылы шығып қойған. 96-жыл деп отырғанымыз бұл  бер жағы ғана.

Әйтпесе ата текті қазақиландыру идеясын  1917 жылы Қазақ білімпаздарының бірінші съезінде Алашорда көсемі Әлихан Бөкейхан көтермеп пе еді. Сол кезде-ақ ол «Қазақ аты-жөнін орыс халқына еліктеп, «-ов, -ев» деп жазу тоқтатылсын! Бұдан былай қазақ азаматтары өз аты-жөндерін ұлттық дәстүрмен Абай Құнанбайұлы деген сияқты жаздырсын, біз де Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы болайық!» деген еді.

Арада ғасыр өтті. Тегімізге қосақталған қара таңбадан әлі арылғамыз жоқ.

Текті түзеу бұл – тектілік. Мәселен, Саркисян, Петросян деген фамилиясына қарап-ақ,  оның армян екенін жазбай танисыз.  Меладзе, Алавидзе, Саакашвили десе «грузин» деген ой санаңызға сап ете түседі. Украиндер де  Шевченко, Тимошенко, Ткачанко деп өзіндік үлгісін қалыптастырып алған.

Тектің бұлайша бірыңғай жазылуы ұлт тұтастығының көрінісі. Ал, біз ата-тек жазудағы ала-құлалықты қалай тиямыз? Шынар Асанқызы тақырыпты зерттеп көрді.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу