Жыл сайын осы уақытта Ұлттық Бірыңғай тестілеу деп ұлардай шулап қалатынымыз бар. Бас-аяғы 9 күнге созылатын бұл емтихан басталды дегенше, қоғамда кезекті бір дау-дамай басталды дей беріңіз. Қарап отырсақ ауызша, жазбаша сынақ алуды ескінің қалдығына балап, жаңа жүйеге көшкелі бері бірде-бір тестілеу науқаны тыныш өтпепті. Үнемі қойына қасқыр тиген шопандай дүрлігеміз де қаламыз. Сынақтан сүріну себебін сұрақтың сауатсыздығынан көретіндер биыл да болады-ау. Сонымен, биылғы емтихан маусымның 30-на дейін жалғасып, республика бойынша 169 орталықта өткізіледі. ҰБТ-ның алғашқы күні су жаңа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тест тапсырушылармен кездесіп, жастарға сәттілік тіледі. Ата-аналарға да кеңес берді.
Жалпы, 2000-жылдары ҰБТ-ны енгізгенде басты мақсат не еді? Одан бергі кезеңде қандай өзгерістер болды?