«Кредитті кешіру» бір реттік акциясының негізгі талаптары қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кредитті кешіру» бір реттік акциясының негізгі талаптары қандай?

30.06.2019

Сәрсенбі Елордадан елді елең еткізген жаңалық естілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен топтардың борышын өтеу туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен, 1 маусымға дейінгі жалпы қарызы 3 миллион теңгеден аспайтын көп балалылардың, асыраушысынан айрылған отбасылар мен мүгедек бала бағатындардың, ата-анасыз қалған 29 жасқа дейінгі жастардың 300 мың теңгеге дейінгі кредиті кешіріледі. Жарлықты іске асыру үшін Тоқаев үкімет пен Ұлттық Банкке тапсырма берді. Сарапшылар бұл жарлықты "көмекке мұқтаж азаматтарға бұрын-соңды болмаған жәрдем" деп бағалап отыр. Бүгінде елімізде 500 мыңға жуық қазақстандық несиесін төлей алмай,  мойындарын кредиттің қамыты қажап жүр. Президенттің айтуынша, тұрмысы төмен азаматтарға берілген кредиттердің 86 пайызы 1 миллион теңгеге жетпейді. Қарыздың орташа мөлшері – 300 мың теңге. Бір реттік науқан аясында мемлекет жағдайы жоқ азаматтардың 300 мың теңгеге дейін негізгі қарыздары мен оған есептелген сыйақыны өтейді. Дегенмен, «кредитті кешіру» бір реттік акциясына қатысты қоғам қақ жарылды. Түрлі пікір талас туып жатыр. Енді кез-келген жаңа бастаманың қызу талқылануы - заңдылық! Бұл шешімнің дұрыс-бұрыстығын елеп-екшеу уақыт еншісінде. Ал біздің міндет –  қаулының бүге-шүгесін байыптап, талаптарын бұқараға жеткізу. Альбина Әшім әңгімелейді.

Хабарламаларға жазылу