«Кредитті кешіру» бір реттік акциясы қай уақыттан бастап жүзеге аса бастайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кредитті кешіру» бір реттік акциясы қай уақыттан бастап жүзеге аса бастайды?

07.07.2019

Биыл ақпан айында Біріккен араб әмірлігі өз тұрғындарының біраз қарызын кешірді. Жұрт ду етіп жаза түсті, «қара алтынның пайдасын қалың бұқара осылайша сезінуі керек»,- деді. Арабтар ол кезде 3 мыңнан аса азаматының 100 миллион АҚШ долларына жуық несиесіне рақымшылық жасаған. Қазіргі валюта бағамына салып есептесек 38 миллиард теңгенің маңайы. Ал жуырда ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы шықты. Әлеуметтің әлжуаз тобының банктердегі 300 мың теңгеге дейінгі берешегі мемлекеттің есебінен өтелетін болып шешілді. Бұл игі бастаманың шарапатын 500 мыңға дейін қазақстандық көріп, мойынды қажаған несие қамытынан босауға мүмкіндік туып тұр. Билік осылайша ел тұрғындарының 105 миллиард теңге қарызын өтеп бермек. Президенттің халықтық бастамалары бұнымен шектелмейді. Апта басында Үкіметтің отырысында Тоқаевтың тапсырмаларын орындаудың механизмдері талқыланды. Министрлер жұмыс барысын тізіп, есеп берді. Сонымен кімнің, қашан және қандай қарыздары кешірілетіні шешілді. Бұл бағдарламалар қай уақыттан бастап жүзеге аса бастайды? Шерхан Жамбылұлы баяндайды.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу