11 миллион қазақстандықтың жеке басына қатысты ақпараттардың желіге тарап кетуіне кімдер кінәлі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 миллион қазақстандықтың жеке басына қатысты ақпараттардың желіге тарап кетуіне кімдер кінәлі?

14.07.2019

Қазақстандықтардың құпия сақталған медициналық мәліметтері осы аптада желіге тарап кетті. Жүз емес, мың емес, 11 млн тұрғынның жеке басына ғана қатысты ақпарат әлдекімдердің қолына түскен. Және бала да емес, шаға да емес, кіл кәмелет жасына толғандардың құпия деректері. Кімдердің ісі? Бұл баршаны алаңдатып отыр. Дегенмен, ақпарат алаяқтардың қолына түсіп алаңсыз адамды тақырға отырғызса немесе нақақ жала жабылса таң қалуға болмайды. Тіпті ІТ білгіштері қарапайымдарды қойып, құрылымдық күштерді құрыққа түсіремін десе де ырқы өздерінде,-дейді. Әзірге ондай мәлімдеме жоқ, бетін ары қылсын. Дегенмен керек дерек теріс ниеттілердің қолына түспеуі тиіс. Құзырлы органның қазіргі бас ауруы сол. Негізі мұндай ауқымды ақпарат қай мемлекеттік мекеменің базасында сақталуы мүмкін? Дерек қоры кімнің қолынан немесе қандай себеппен жария болған?

 

Хабарламаларға жазылу