Елорда тұрғындарының мазасын қашырған масалармен күрес қалай жүріп жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда тұрғындарының мазасын қашырған масалармен күрес қалай жүріп жатыр?

14.07.2019

Жаз басталысымен, елорда тұрғындарынан маза қашты. Мазаны маса қашырды. Қысқасы, бас қаланың қаптаған «қансорғыштары» аңызға айналды. Биыл әдеттегіден көп, оның үстіне ірі, үлкен-кіші тыр-тыр қасынып, әбігерге түсті. Жаз серуендейтін уақыт, ал тістеллеген масалардан көресінді көрген тұрғындар арыз-шағымын айтып, әлеуметтік желіге де, қаланың әкіміне де жазды. Интернет арқылы түрлі фото, видео көріністер таралып, ел арасында «түрлі ауру туғызатын» масалар туралы  әңгіме желдей есіп жүр. Бірақ дәрігерлер елорданың масалары ауру тараптайды деп мәлімдеді. Жұртшылық арасында маса мен шыбын-шіркейді улайтын препараттар адам ағзасына да зиян деген пікірлер бар. Бірақ санитариялық мамандар бұл сөзді де жоққа шығарады. Сонымен мазаны алған масалармен күрес қалай жүріп жатыр? Қаладағы қансорғыштар азайды ма?

 

Хабарламаларға жазылу