Отандық «Масло-Дел» компаниясы Қытай нарығында өсімдік майының экспорт көлемін арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық «Масло-Дел» компаниясы Қытай нарығында өсімдік майының экспорт көлемін арттырмақ

06.11.2015
Отандық «Масло-Дел» компаниясы Қытай нарығында өсімдік майының экспорт көлемін арттырмақ
Сондай-ақ, аталған зауыт келешекте ірімшік қайнататын өндірісті іске қосып, қышқыл сүт өнімдерінің жаңа топтамасын шығармақшы. Қиындық туды, деп кейбір кәсіпорындар сияқты қайғырып емес, қайраттанып тірлігін тіктеп отырған отандық «Масло-Дел» компаниясында күнде қызу жұмыс.

Сарт-сұрт еткен жаңа аппараттар таң атқаннан кешке дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Мамандар да мейлінше төселген.

«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының қатысушысы қазақстандық «Масло-Дел» компаниясы 2018 жылы Қытайда өсімдік майының экспортын арттырады. Компания мұндай жоспарға «Бәйтерек» Холдингімен жүзеге асырылып жатқан «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысу нәтижесінде қол жетізбек.


Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу