Оңтүстік Қазақстан облысындағы шұлық тоқу фабрикасы өнімдерін Ресейге экспорттайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысындағы шұлық тоқу фабрикасы өнімдерін Ресейге экспорттайтын болды

18.03.2016
Оңтүстік Қазақстан облысындағы шұлық тоқу фабрикасы өнімдерін Ресейге экспорттайтын болды
Көрші мемлекет отандық өнімнің 500 мың данасына тапсырыс берді.

Фабрика жылына 16 миллион жұп шұлық шығарады. Кәсіпорында жіп иіру, тоқыма және қалыптау цехы жұмыс істейді. Өндірістің басты ерекшелігі қажетті шикізаттың барлығы жергілікті жерде өндіріледі.

Фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Мұндағы кәсіпорындар үшін кедендік алымдар мен салық түрлері жеңілдетілген. Мұның өзі де отандық өнімінің өзіндік құнының арзан болуына мүмкіндік беріп отыр.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу