Өнер жұлдыздары отандық өнімді қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнер жұлдыздары отандық өнімді қолдайды

24.05.2016
Өнер жұлдыздары отандық өнімді қолдайды
Бүгін әнші Қайрат Нұртас «Назар текстиль» кілем тоқу фабрикасының жұмысымен танысты.

Отандық өнімді жұлдыздар қолдайды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Назар текстиль» кілем тоқу фабрикасының өнімдерін насихаттауға өнер иелері де атсалысуда. Бүгін әнші Қайрат Нұртас алғашқылардың бірі болып бастаманы қолдады.

Ол өндіріс орнына әдейі барып, жіптің кермеге керілуінен бастап кілемнің тоқылуына дейінгі жұмыстардың барлығымен танысып шықты. Отандық өнімнің сапасына көз жеткізген әнші сол жерде ойланбастан, шаңыраққа сән беретін қалы кілемнің бірнешеуін сатып алды.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу