Отандық автокөліктер Қытай нарығына шыға бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық автокөліктер Қытай нарығына шыға бастады

22.02.2017
2016 жылдан бері Қырғыз елі мен Түркіменстанға өз өнімдерін ұсынып келе жатқан Өскемендегі машина жасау зауыты «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар 120 темір тұлпарды вагондарға тиеп, көрші елдің шекарасына шығарып салды.

Қытайға еліміз өндірген бұл өнімнің алғашқы легі, яғни 100 данасы бұған дейін сатылған болатын. Көліктердің сапасы алушылардың көңілінен шығаруда. Жыл соңына дейін тағы да бірнеше мыңдаған автомашина экспортталмақ.

Жанболат САНИЯЗ

Хабарламаларға жазылу