Қазақстанда инфрақызыл линзалар өндірілетін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда инфрақызыл линзалар өндірілетін болады

09.12.2015
Қазақстанда  инфрақызыл линзалар  өндірілетін  болады
Қазақстанда  инфрақызыл линзалар  өндірілетін  болады

Елімізде нано-технологияларды пайдалана отырып инфрақызыл линзалар өндірілетін болды. Линзалар «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорынында шығарылмақ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда  инфрақызыл линзалар  өндірілетін  болады

Жоғары технологиялық өнім келер жылдан бастап өндіріледі. Линзалар әскерлердің қараңғыда нысананы көруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, нысаннан бөлінетін жылу арқылы оларды анықтайды. Қазірдің өзінде инфрақызыл линзаларды механикалық өңдеу мен нанометр деңгейінде өлшеу құрылғылары әзірленіп қойды.

Қазақстанда  инфрақызыл линзалар  өндірілетін  болады

Қазақстан мен Түркия бірлесіп құрған «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» зауыты қорғаныс саласына қажет өнімдер шығарумен айналысады. Зауыт ашылған 2011 жылдан бері барлаушылар үшін қажет түнде көру, жылусезгіш және лазерлік құрылғылар өндіріп жатыр. Әзірге зауыт өнімдері тек ішкі нарыққа шығарылып жатыр, кейін ТМД-ның бірқатар елдері мен Түркияға да сатылатын болады.

Қазақстанда  инфрақызыл линзалар  өндірілетін  болады

Естеріңізге салсақ, «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» зауытына «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, түркиялық Aselsan компаниясы мен Түркияның қорғаныс өнеркәсібі комитеті құрылтайшы болып бекітілген.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу