ЕАЭО елдерінен әкелінетін көліктерге ешқандай шектеу болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО елдерінен әкелінетін көліктерге ешқандай шектеу болмайды

12.01.2015
ЕАЭО елдерінен әкелінетін көліктерге ешқандай шектеу болмайды

Ресей мен Беларусьтің көліктерін сатып алғаннан кейін құн салығы мен акциздік төлем де төленбейді.

Бұл жеңілдіктің барлығы шекарадан 2015 жылы ғана өткізілген автокөліктерге арналады.

Ал, Одаққа мүше емес елдердің көліктеріне аңсарыңыз ауса онда ол көлік ең ескі дегенде 2007 жылы шығарылған болуы керек.

Ең кемі 1 қауіпсіздік жастығы мен балалар орындығын орнатуға арналған арнайы жарағы болуы шарт.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу