Жас кәсіпкерлердің ісі өрге басып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас кәсіпкерлердің ісі өрге басып келеді

15.02.2016
Жас кәсіпкерлердің ісі өрге басып келеді
Қызылорда облысының Қазалы өңірінде тұратын 18 жастағы Әйгерім Әуезова бүкіл бір ауданды темір бұйымдарымен қамтамасыз етіп отыр.

Яғни, Сыр бойындағы ең жас кәсіпкердің ісі өрге дөңгелеп, күннен күнге өрісін кеңейтіп келеді. Алғашқыда оның қарамағында екі адам еңбек етсе, қазір өндіріс орнында 6 адам жұмыс істейді. Жалпы бір ғана Қазалы ауданында өткен жылы 3969 шағын бизнес нысаны ашылған, соның негізінде 8601 адам жұмыспен қамтылған.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу