Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 22 орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 22 орында

18.03.2016
Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 22 орында
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері газ өндіруді 5,5 есеге арттырып, көгілдір отын қоры бойынша әлемде 22 орын, ал ТМД елдер арасында 3-ші орынға тұрақтаған.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздің Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің басшысы Ғалым Нұрғазиев мәлімдеді. Жалпы, былтыр елдің ішкі нарығында 12,1 млрд текше метр газ қолданылған. Сонымен қатар, газ экспорттауда да Қазақстан айтарлықтай жетістікке қол жеткізген.

Нұржан СӘДІРБАЙ

Хабарламаларға жазылу