Ұлт жоспары өзінің тиімділігін көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлт жоспары өзінің тиімділігін көрсетті

31.03.2016
Ұлт жоспары өзінің тиімділігін көрсетті
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева осылай деді.

Жаңа жылдан бастап, Қазақстан жаңа құқықтық және институттық орта жағдайында өмір сүріп жатыр. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева осылай деді.

Қазір елімізде «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары жүргізіліп жатқаны мәлім. Осы мақсатта Президенттің Жарлығы бойынша, арнайы Ұлттық комиссия құрылып, негізгі ұйымдастыру жұмыстары өткен жылы басталып кеткен болатын.

Содан бері атқарылған жұмыс ауқымды, қомақты. «Қазіргі кезде Ұлт жоспарын тиімді іске асыруға қажетті барлық негіз қаланды», - деді Дариға Назарбаева.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу