Жалпы қазір валюта бағамы күніне бір рет емес, бірнеше мәрте ауысып отырады.
Өткен аптада 1 доллардың құны 55 рубль болған. Қазір ол, айналасы 3 күннің ішінде 10 рубльға өсіп, 65 рубльға парапар болды.
Осылайша өткен жылдың соңында аз да болса тұрақтанған рубль, қайтадан құлдырай бастады.
Қазіргі таңда доллар мен евро бағамын реттеуге Ресейдің Орталық банкі қауқарсыз. Сондықтан мамандар, «алдағы уақытта валюта нарығындағы тұрақсыздық жалғасады», деп отыр.
Рубльдың құнсыздануы Ресей экономикасына кері әсер етуде. Бұл жайт тіпті қарапайым халықтың тұрмысына да кесірін тигізіп отыр.
Себебі елде азық-түліктен бастап, автокөлікке дейінгі барлық тауар, біртіндеп қымбаттап барады.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ