Көксу ауданындағы іргелі шаруашылықтардың бірі – «Шаңырақ» серіктестігі. Асыл тұқымды мал өсіріп отырған қожалық меринос қойының санын 14 мыңға жеткізді. Қазір шопандар малдың төлін алып, көрсеткішті еселеудің қамымен жүр. Олар үшін жылдағы меже 100 саулықтан кемінде 90 қозыдан алу. Мал төлдету науқанынан кейін олар көктеуге бет түзейді.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ