Айыппұлдарды өндіріп алуда мәселелер бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айыппұлдарды өндіріп алуда мәселелер бар

12.04.2016
Айыппұлдарды өндіріп алуда мәселелер бар
Жеке сот орындаушылар институтын дамытып, мемлекеттік мамандар санын қысқарту «100 нақты қадамның» 27-ші қадамында көрсетілген.

Бүгінде Қазақстандағы шетел азаматтарына салынған айыппұлдарды өндіріп алу мәселесі өзекті болып тұр. Мигранттардың дені әкімшілік айыппұл салынған кезде мекенжайлары мен жұмыс орындарын дұрыс көрсетпейді.

Елордада бүгін түрлі сала мамандары бірлесіп осы мәселені шешудің жолдарын қарастырды. Бұл мәселемен көбіне жеке сот орындаушылары айналысады. Мамандар осы мәселені шешу үшін алдағы уақытта сот орындаушылардың қызметін жандандыру қажет деген пікірге тоқталды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу