Агроөнеркәсіптік кешенде шаруашылықтарға нақты егіншілік технологиясы ендіріледі. Бұл туралы «Зерде» холдингінің төрағасы мәлім етті. Руслан Еңсебаевтың айтуынша, шаруашылықтар бірнеше бағытқа бөлінеді. Олар сүт, ет, өсімдік шаруашылығы бойынша жұмыс жасайды. Бүгінгі күні тау-кен қазу және металлургиялық кәспорындар 4.0 индустрия технологиясын енгізуге кірісіп кетті. Сондай-ақ, көлік және логистика саласына да жаңашылдық енгізілуде. Биылдың өзінде 11 өлшеу жүйесі іске қосылады.
Руслан Еңсебаев, «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасы:
- Біз тұрақты түрде осы әдіс бойынша мемлекеттік орган қызметкерлерін оқытамыз. Қолға алған жобалардың іске асу процестерін үйлестіреміз, бақылаймыз. Білім беру мекемелері, отандық IT компаниялар және бизнес өкілдерімен бірлескен жұмыспен цифрлық трансформацияға қол жеткіземіз.
Досымжан ЕРМҰРАТ