Павлодарлық cтудент Марсты зерттеуге арналған робот ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық cтудент Марсты зерттеуге арналған робот ойлап тапты

18.04.2014
Павлодарлық cтудент Марсты зерттеуге арналған робот ойлап тапты
EXPO-2017 көрмесіне жас шеберлер де үлес қоспақ. Павлодарлық Егор Коптиков Марстызерттеуге арналған робот ойлап тапты. 17 жастағы жас талапкердің жасаған құлтемірі қашықтықтан басқарылады. Ол үшін блютузы бар ұялы телефон ғана қажет.
 
Ультрадыбыстар арқылы робот температура ылғалдылығын өлшеп, кедергілерді анықтай алады. Кеңістікте өз бетінше қозғалады. Жүру жылдамдығы автоматты түрде реттеліп отырады.
 
Егор Коптиков оған «Пит» деп ат қойыпты. Енді павлодарлық талантты жастар бірігіп роботты жетілдіре түсудің жоспарын жасап жатыр.    
 
Егор Коптиков, колледж оқушысы:
Егер ол адамды, жануарларды және басқа да жылжитын денелерді анықтай алса, тамаша болар еді. Бәлкім, біз оны да жасармыз. Сонда аспан әлемін зерттеуге үлес қосқан боламыз ғой. Әзірге роботымыз автопилот режимінде кедергілерді айналып өту мүмкіндігіне ғана ие.
 
Болат АМАНБАЕВ 

Хабарламаларға жазылу