Ультрадыбыстар арқылы робот температура ылғалдылығын өлшеп, кедергілерді анықтай алады. Кеңістікте өз бетінше қозғалады. Жүру жылдамдығы автоматты түрде реттеліп отырады.
Егор Коптиков оған «Пит» деп ат қойыпты. Енді павлодарлық талантты жастар бірігіп роботты жетілдіре түсудің жоспарын жасап жатыр.
Егор Коптиков, колледж оқушысы:
Егер ол адамды, жануарларды және басқа да жылжитын денелерді анықтай алса, тамаша болар еді. Бәлкім, біз оны да жасармыз. Сонда аспан әлемін зерттеуге үлес қосқан боламыз ғой. Әзірге роботымыз автопилот режимінде кедергілерді айналып өту мүмкіндігіне ғана ие.
Болат АМАНБАЕВ