Астанада ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесіне арналған фестиваль өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16 жас ғалым қатысты. Олардың барлығы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары. Қатысушылардың ең кішісі жетінші, ал ең үлкені 11 сыныпта оқиды. Фестиваль барысында балалар ғылыми жобаларын көпшілікке ұсынды. Олар табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану, электр энергиясын үнемдеу және қоршаған ортаны қорғауға бағыттылған. Ал, олардың қаншалықты тиімді жұмыс істейтіндігін қазылар алқасы анықтады. Олар әр жобаға тиісті бағасын беріп, балаларды сыйлықтармен марапаттады.
Айдана ҮСЕНБАЙ