Астана қаласы ІІД штаты 1187 бірлікке артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласы ІІД штаты 1187 бірлікке артады

30.09.2014
Астана қаласы ІІД штаты 1187 бірлікке артады

EXPO-2017 көрмесінің өткізілуіне байланысты Астана қаласы ІІД штаты ұлғайтылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігі сайты.

"Біз EXPO-2017 көрмесін өткізу қауіпсіздігі бойынша тұжырымдама әзірледік, республикалық штаб құрылды, оған күш құрылымдары өкілдері енді. Сондай-ақ, көрме кезінде қоғамдық тәртіпті күзетуге тікелей қатысатын Астана ІІД штатын ұлғайту жөнінде ұсыныс енгіздік. Бүгінде республикалық бюджет комиссиясы қалалық ІІД штат санын 1187 бірлікке көбейтуді мақұлдады. Биыл 229 бірлік, 2015 жылы 200 бірлікке көбейтіледі, қалған 987 орын 2016 жылы бөлінеді", - деді Ерлан Тұрғұмбаев.

Вице-министрдің айтуынша, EXPO көрмесін өткізу кезінде 2 периметр белгіленеді, жеке құрамға ағылшын тілін оқыту мәселесі қарастырылады. Бұдан басқа, туристер келетін және орналасатын орындарда - вокзал маңы аумақтарында, әуежайларда тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.

Хабарламаларға жазылу