Висенте Лоссерталес EXPO-2017 көрмесінің дайындық жұмыстарына баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Висенте Лоссерталес EXPO-2017 көрмесінің дайындық жұмыстарына баға берді

22.10.2014
Висенте Лоссерталес EXPO-2017 көрмесінің дайындық жұмыстарына  баға берді

EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге Қазақстан барынша  жағдай жасайтын болады.

Бүгін осы шараға ресми шақырту алған 86 елдің өкілдері Астанада бас қосты.

Бұл - көрме қатысушыларының бірінші жиыны. Енді қатысушы елдер жыл сайын жиналып тұратын болады.

Ел Үкіметі атынан сөз алған бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев халықаралық көрме ел тарихындағы маңызды жоба екенін атап өтті.

Халықарылық көрменің бас хатшысы Висенте Лоссерталес дайындық жұмыстарына өз бағасын берді.

 

Дулат АБИББУЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу