ЕХРО-2017 кешенін салуға 40 миллиард теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕХРО-2017 кешенін салуға 40 миллиард теңге бөлінеді

12.11.2014
ЕХРО-2017 кешенін салуға 40 миллиард теңге бөлінеді

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» мемлекеттің жаңа саяси бағытын жария етті. Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясаттың өзегі 5 жылға арналған инфрақұрылымдық даму жоспары болатынын атап өтті.

Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Президент Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын белгілі бір мақсаттарға бағыттауды тапсырды. Атап айтқанда, ЕХРО-2017 кешенін салуды қосымша қаржыландыру үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлінеді.

Хабарламаларға жазылу