EXPO-2017 көрмесіне орай ашылатын қонақүйлердің тағамы халықаралық стандартқа сай болуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесіне орай ашылатын қонақүйлердің тағамы халықаралық стандартқа сай болуы тиіс

17.02.2015
EXPO-2017 көрмесіне орай ашылатын қонақүйлердің тағамы халықаралық стандартқа сай болуы тиіс

EXPO-2017 көрмесіне орай салынатын қонақүйлердің тағамы да тексеріледі. Себебі, мейманханалар асы халықаралық стандартқа сай болуы тиіс.

Бұл туралы «Қазақстанның ішкі туризмінің ресурстары, әлеуеті мен даму жолдары» атты республикалық конференцияда айтылды.

Туризмді дамыту үшін әуелі әкімшілік салада өзгерістер қажет. Сондай-ақ, Қазақстан «ашық ел», яғни, визасыз режиммен енетін елдер қатарын арттыруы тиіс.

Әзірге Қазақстанда 5 туристік аймақ ашылмақ.  Бұл бизнеске серпін береді.

Осы орайда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері «Бизнесті қолдайтын бағдарламалар тізбесіне туризмді енгізу керек», деп отыр.

Ал, «жасыл» экономиканы қолдаушылар «Туризмнің тұралауына инфрақұрылымның тиісті деңгейде болмауы себеп», дейді.  

Асхат Сүлейменов, «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-global дамыту коалициясының атқарушы директоры:

Ең бастысы, инфрақұрылымды дамыту. Елбасы жолдарды жөндеуге Ұлттық қордан қаражат бөлінетінін айтты. Туризмде жұмыс орнын ашу, өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзан.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу