«Астана «EXPO-2017» ҰК мемлекеттік бюджетке төлем жасау бойынша сала көшбасшысы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана «EXPO-2017» ҰК мемлекеттік бюджетке төлем жасау бойынша сала көшбасшысы атанды

27.05.2015
«Астана «EXPO-2017» ҰК мемлекеттік бюджетке төлем жасау бойынша сала көшбасшысы атанды

Ұлттық бизнес-рейтинг қорытындысына сәйкес «Астана EXPO-2017» ҰК «Қосылған құнға алынатын салық» өлшемі бойынша бірінші орынды, ал төрт салық түріне берілетін орындардың қосындысы бойынша «Жиынтық аталымында» екінші орынды иеленді.

Бизнес-рейтингте компанияларды тізімдеу мемлекеттік статистиканың ресми деректерінің негізінде жүргізіледі. Бұл рейтинг Қазақстан Республикасы кәсіпорындарын қаржы-экономикалық көрсеткіштері негізінде рейтингтеу бойынша тәуелсіз кешенді бағдарлама.

Оның негізгі мақсаты – салықтарды төлеу, әлеуметтік және зейнетақы қорларына аударым жасау және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы еліміздің экономикасына айтарлықтай үлес қосып жүрген кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді ынталандыруды көздейді.

«Қосылған құнға алынатын салық» өлшемі бойынша «Астана EXPO-2017» ҰК сала көшбасшысы болып анықталды. Ал, «Жиынтық аталымы» бойынша компания иеленген екінші орын «Қосылған құнға алынатын салық», «Жеке кіріс салығы», «Корпоративтік кіріс салығы» және «Әлеуметтік салық» сияқты салықтың төрт түрі бойынша берілген орындар қосындысымен анықталған.

Хабарламаларға жазылу