Ірі халықаралық қаржы ұйымы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ірі халықаралық қаржы ұйымы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға дайын

08.09.2015
Ірі халықаралық қаржы ұйымы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға дайын

Осы шешім жөнінде банк вице-президенті Илланго Патчамуту ЭКСПО-2017 Комиссары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевпен кездесуі кезінде мәлімдеді.

Әңгімелесу кезінде тараптар ең ірі халықаралық қаржы ұйымының Қазақстанның инвестициялық жобаларына қатысу мәселесін де ортаға салды.

Дүниежүзілік банк ұйымдарының тобына: Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық даму қауымдастығы, Халықаралық қаржы корпорациясы, Инвестицияларды кепілдендіру  агенттігі, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталығы кіреді.

Қазіргі таңда АҚШ Үкіметі мен осы елдің ірі компаниялары Қазақстандағы алда келе жатқан көрмеге қатысу мәселесін талқылауда.

Бұл жөнінде қазақстандық делегация өкілдеріне АҚШ энергетика министрінің көмекшісі Джонатан Элкайнд хабарлады.

Ол «Жасыл» технологияларды дамыту және энергияның баламалы көздерін ендіру саласында әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын американдық компаниялар Астанада өз жаңа технологияларын таныстыруға дайын екендігін айтты.

ЭКСПО-2017 көрмесіне Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ЮНЕСКО, Атомдық энергия бойынша халықаралық агенттік,  ЮНИДО секілді жетекші халықаралық ұйымдар да қатысайын деп отырғанын еске саламыз.

 


  

Хабарламаларға жазылу