Кездесу барысында А.Есімов ұлттық компанияның өзінің құрылымын айтарлықтай өзгертіп, тиімділік пен ашықтық және көпбағыттылық мәселесіне екпін түсіргендігін атап өтті.
«Біз құрылыс жұмыстарын сәтті аяқтау үшін білек сыбана жұмыс істеп жатырмыз. Процес жалғасып жатыр. Бұған қоса біз, көрменің мағыналы болуына, оның сапалы толықтыру жағына назар аударудамыз», - деді Ахметжан Есімов.
ХКБ-ның Бас хатшы болса, қазіргі таңда әсіресе болашақ көрменің ошағын қалыптастыруға екпін түсіру қажеттігін алға тартты.
«Біз осыған дейін екі бағытта жұмыс істедік. Бір жағынан құрылыс жұмыстарын жүргізсек, екінші жағынан идеяны ілгерілету жағына уақыт бөлдік. Қазір бізге шарамыздың ошағын қалыптастыру жағына көңіл бөлу керек. Осының барлығына бір бүтіндей дүние ретінде қараудың маңызы зор. Біз қазір жоспарлау кезеңінде емес, керісінше енгізу кезеңінде жүрміз. Яғни біз осы уақытқа дейін талқыға салған мәселелердің барлығын енгізу үстіндеміз», - деді Висенте Лоссерталес.
Ұлттық компанияда болған кездесу барысында көрмеге халықаралық деңгейдегі қатысушыларды тарту, болашақ көрменің толық қамтылуы мен қаупсіздікті қамтамасыз ету мәселесі сөз болды.
Сапар барысында Висенте Лоссерталес ЭКСПО-қалашықты аралап, ЭКСПО-ның құрылыс алаңында болды. Халықаралық ұйым өкілінің сапары 5-7 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.