Енді, «Эйр Астана» компаниясы халықаралық «Астана Экспо-2017» көрмесінің ресми әуе тасымалдаушысы атанды. Ең бастысы – бұл логотип ұшақтың аэродинамикалық сипаттамасына еш кедергі келтірмейді.
Әлемнің түкпір-түкпіріне баратын ұшақтар елімізде елеулі көрменің өтетінін насихаттауға септігін тигізеді. 2017 жылы Астанаға өзге мемлекеттен келетін туристер үшін «Экспо-2017» халықаралық шарасының билеті қатар берілмек.
Мирас МҰҚАШ