Миланда Халықаралық көрмелер бюросы күні аталып өтілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миланда Халықаралық көрмелер бюросы күні аталып өтілуде

30.10.2015
Миланда Халықаралық көрмелер бюросы күні аталып өтілуде
Ертең Миландағы ЭКСПО көрмесі аяқталады.

6 ай бойы талай елдің ұлттық мерекесі тойланған алаңда бүгін Халықаралық көрмелер бюросының күні.
Таңертең Халықаралық көрмелер бюросының туы көкке көтеріліп, Италия басшылары, Миландағы ЭКСПО көрмесінің комиссары көпшілікті құттықтаған болатын. Ресми бөлімнен соң көрмені 2017 және 2020 жылы ұйымдастыратын, яғни Қазақстан мен Дубай өнерпаздары концерт қойды. Қазақтың күмбірлеген күйлеріне тамсанған көрермендер әртістерімізден қошаметтерін аямады. Концерттен кейін Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес мырза бастаған ресми делегация өкілдері павильондарды аралауға шықты. Мәртебелі меймандар алғашқы болып біздің павиольонды көрді. Алған әсерлерімен бөлісті.

Висенте Лоссерталес Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы:

Қазақстанның павильоны бәрінен керемет. Көрменің басты тақырыбы азық-түлік тапшылығы проблемасын ерекше ашып көрсеткен. Және жаңа технологияның көмегімен ауыл шаруашылығындағы жетістіктерін көрсетіпті.
2017 Астанада өтетін көрменің жарнамасы да керемет. Осы көрмеден тың тәжірибе жинақтаған Қазақстан Астанадағы ЭКСПО-ны сәтті өткізеді деген сенімдемін.


Павильондары үздік деп танылған елдердің өкілдері, жалпы көрмеге белсенді қатысқандар арнайы сыйлықтармен марапатталады. Осы шарадан кейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық команиясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мырза мен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев бірқатар елдердің өкілдерімен екіжақты келісімге қол қояды. Біріккен Араб Әмірліктері, Сенегал, Габон мемлекеттері екі жылдан соң Аcтанада өтетін көрмеге қатысуға ниет білдіріп отыр.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу